Өгей әкесі жарақаттаған 5 жасар баланың жағдайы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмаилов оқ тиген бес жасар баланың жағдайы туралы айтты. Еске сала кетейік, баланы өгей әкесі жарақаттаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Біржан Досмаиловтың сөзіне қарағанда, 4 жас 11 айлық бала ауруханаға ауыр жағдайда түскен.

«Балаға операция жасалды және жағдайы тұрақталған соң стационарлық ем алу үшін жалпы хирургия бөлімшесіне ауыстырылуда. Жағдайы орташа тұрақты», - дейді ол елордада өткен брифингте.

Еске салсақ, 20 қазан күні кешке отбасылық жанжал кезінде 59 жастағы мас ер адам әйеліне және оның екінші некеден туған ұлына оқ атып, жарақаттаған. Әйел алған жарақат салдарынан көз жұмса, бала ауруханаға жеткізілген еді.

Соңғы жаңалықтар