Огайодағы атыс үш адамның өмірін қиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбіде Огайо штатының (АҚШ) Янгстаун қаласында барда болған атыстан кем дегенде үш адам қаза тауып, бес адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жергілікті уақытпен 02: 00-ден кейін барған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, олардың жағдайы туралы әзірге хабарланбай отыр. Күдіктілер мен оқиғаның себептері туралы қосымша ақпарат берілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар