Оған бір ғана жеңіс керек: Америкалық эксперт Головкиннің шешуші айқасы жайлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Америкалық эксперт Джеймс Слейтер Boxing247.com-да қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің қай қарсыласын жеңуі оның даңқын асыратындығы туралы жазды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Головкиннің спорттық жолындағы шешуші айқасы - мексикалық чемпион Сауль Альвареспен жекпе-жек. Көптеген сарапшылар мен фанаттардың пікірінше, оған атақты боксшы атануға осы қарсыласын жеңсе болғаны»,-деп жазады Слейтер.

Еске сала кетсек, қазақстандық боксшының рингке оралуы маусымның басына белгіленіп отыр. Ал Головкин - Альварес жекпе-жегі қыркүйекте өтуі ықтимал.

Соңғы жаңалықтар