Обыр дертіне әйелдерге қарағанда ерлер көп шалдығады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында онкологиялық ауру көбіне 55-70 жас аралығында жиі кездеседі. Оның 50,1 пайызы - ерлердің үлесінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы бірнеше жыл бойы обыр дерті көш бастап тұр. 2018 жылы обыр дертіне шалдығу бойынша - 258, сүт безі обыры - 229 және асқазан обыры бойынша 149 оқиға тіркелді. Бұдан кейін тері және тоқ ішек обыры жиі кездеседі.

Ал, ерлер арасында обыр дертіне шалдығу бойынша - 205 оқиға, асқазан обыры - 109 факті тіркелді. Бұдан кейін еркектік без, тері және ас қорыту ісігі де жиі кездеседі.

«Кеуде хируригиясы бөлімшесі жылына шамамен 300 ота жасайды. Өкпе обыры біздің облыста ғана емес, республика және дүниежүзі бойынша көш бастап тұр. Мұның басты себебі - өкпедегі ауырсыну рецепторларының жоқтығы. Бұл жаман дертке шалдыққан адам өкпедегі ісік ұлғайып, сыртына шыққан кезде ғана ауруды сезе бастайды. Бұл өкпе обырының үшінші-төртінші деңгейі, яғни бұл кезде адамның емделуіне мүмкіндік мүлдем болмайды. Жалпы, обырдың кез келген түрі қауіпті. Бастапқы кезде аурудың ешқандай белгілері байқалмайды. Тек профилактикалық медициналық тексеріс және скрининг арқылы ғана ерте бастан анықтауға болады», дейді Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасының кеуде хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марлен Атамбаев.null

Әйелдер ауруына келетін болсақ, бірінші орында сүт безі обыры - 2018 жылы 229 оқиға, одан кейін жатыр обыры - 86, тері обыры - 82, өкпе обыры - 53 және асқазан обыры - 40 оқиға. Жатыр обырына ұшыраған 86 әйелдің 65-де (76 пайызы) скрининг арқылы анықталды.

«Мемлекет скринингті үш бағыт бойынша тегін өтуге мүмкіндік ұсынып отыр. Оның ішінде 40 және 70 жас аралығындағы әйелдер сүт безі маммографиясы, 30 және 70 жас аралығындағы әйелдер жатыр обырына диагностика, 50 және 70 жас аралығындағы еркектер мен әйелдер тоқ және ащы ішек обырына скринингтен өте алады. Скринингке жолдаманы тұрғылықты жері бойынша емханадан алуға болады», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Нұрлан Ахылбеков.

Соңғы жаңалықтар