+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Обыр ауруларының алдын алу Қазақстанда үнемі басымдыққа ие болады - Біртанов

2019 жылғы 15 қазан 11:16
Бөлісіңіз:
Обыр ауруларының алдын алу Қазақстанда үнемі басымдыққа ие болады - Біртанов

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда онкологиялық аурулардың алдын алу шаралары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада дәрігерлер тұрғындарға бейнебайланыс арқылы тегін консультация береді Нұр-Сұлтанда «Үйдегі дәрігер» жобасы аясында Отбасылық денсаулық орталығы ашылды Қытайдан Қазақстанға гуманитарлық жүк келді

«Бүгінгі шара Қазақстан денсаулық сақтау жүйесінде маңызды тарихи оқиға болып саналады. Себебі бұл онкология бойынша Орталық Азияда және ТМД елдері арасында жоғары деңгейлі алғашқы шара болып отыр. Соңғы 10 жыл бойы Қазақстан Халықаралық обырға қарсы одақ (UICC) мүшесі болып келеді. Атап айтқанда, онкологиялық аурулармен күрес мәселесі Қазақстанның әлеуметтік саясатында үнемі басымдықты бағытқа ие болып отыр», - деді Елжан Біртанов.

Сонымен қатар ведомство басшысы 2018 жылы елімізде қатерлі ісік онкологиялық аурулармен күрес бойынша төрт жылға арналған кешенді жоспар әзірленгенін еске салды. Жоспарды жүзеге асыруға 35 млрд теңге қарастырылған.

«2018 жылы Қазақстанда онкологиялық аурулардың скринингтік бағдарламаларын енгіздік, 2016 жылы аталған скринингтік бағдарламалар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ықпал ету миссиясымен зерттеліп, жаңартылды. Қазіргі кезде біз ақысыз түрде қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау бойынша скринингтер жүргізудеміз. Онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспар аясында ерлер мен әйелдер үшін тексерілу кабинеттерін ұйымдастырдық, олардың саны 539-ден 1284-ке дейін артты», - деді Елжан Біртанов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Онкологиядағы Дүниежүзілік көшбасшылар саммитінің жұмысы басталды. Шараға 70 елден 350 делегат қатысып жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT