Облыстық мәслихат депутаты ұлымен бірге 111 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішовке қатысты сот үкімі шықты. Бұл жайында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі мәлім етті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаменті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы С.Бекішовке қатысты мердігер ұйым басшысынан пара алу фактісі бойынша қылмыстық істі ерте аяқтады. Сот барысында Б.Артемов облыстық мәслихаттың депутаты, сонымен қатар «УМР-3» ЖШС-нің басшысы бола отырып, ұлы А.Артемовпен бірге С.Бекішовке Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін 5 550 000 теңге пара бергені анықталды», - деп атап өтеді ведомство.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, 10 шілде күні Талғар қалалық сотының үкімімен С.Бекішов пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Б.Артемов пен А.Артемов пара бергендері үшін әрқайсысы 55,5 млн теңгеден айыппұл төлейді.

«Сотпен айыппұлдарды төлеу мерзімі белгіленген және айыппұл төленбеген жағдайда жазаның бас бостандығынан айырумен алмастырылатындығы түсіндірілді. Сотталған азамат өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», - делінген агентті ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар