Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері дүкеннен өздеріне ұнаған киімдерді сатып алды

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері «Мектепке жол» іс-шарасы аясында дүкеннен өздері қалаған спорттық киімдерді сатып алды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оларға мұндай мүмкіндікті 300 мың теңге қайырымдылық көмегін көрсеткен «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы қызметкерлері жасады. Мектеп киімдерінен мұқтаждық көрмейтін балалар енді дене шынықтырумен де еркін шұғылданатын болды. Аталмыш балалар үйінде жүз шақты бала болса, соның жетпісі мектепке барады.

Мұндай қайырымдылық шаралары облыс аудандарында да жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар