Облыстық ақпараттық насихаттық топ мүшелері Сарыағаш ауданының активімен кездесті

None
None
САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімдігінің үлкен залында ҚР Президентінің биылғы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында жиын өткізілді. Аталған жиынды аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы жүргізіп, Жолдауда көрсетілген негізгі бағытқа тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқсоуда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Бахадыр Айтай мен облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы Алмас Мамытбеков, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтар баяндама жасап, тұрғындардың өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда осы Жолдауда қойылған міндеттердің маңызы өте зор екендігін атап өтті. Сонымен қатар, жиын барысында Қабланбек аграрлық-техникалық коледжінің директоры Е.Қанжігітов пен Жібек жолы ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Бүркітбай да өз ойларын ортаға салды. Ендігі кезекте жүктелген міндеттер жұмыс барысында Сарыағаштықтар тарапынан басшылыққа алынып, жүйелі жезеге асырылмақ. Жолдауды насихаттау жиыны сондай-ақ, аудандық орталық кітапханасында да өтті. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының орынбасары Қ.Қыстаубаев пен Сарыағаш аудандық маслихатының депутаты Қ.Пердеқұлов, Сарыағаш қаласының әкімі С.Сулейменов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омарбеков, ақсақалдар кеңесі, әжелер алқасы, мектеп басшылары, мәдени қызметкерлері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ҚР халқына жолдауында көрсетілген міндеттердің ел дамуы мен өркендеуіне негізделгені жөнінде жолдауды қолдау, жолдаудағы міндеттерді орындау, халық арасында жаппай насихаттауға аса көңіл бөлінуі керектігі айтылды.
Соңғы жаңалықтар