Облыс прокуратурасының араласуымен іздестірілуде жүргендер Қазақстанға қайтарылды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының араласуымен іздестірілуде жүргендер Қазақстанға қайтарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратурадан түскен мәліметке сілтеме жасап.

Қазіргі кезде Қазақ КСР ҚК 214-бабы 5-бөлімі (ірі көлемде гашиш есірткі затын заңсыз алып, сақтап, өткізгені үшін) мен ҚР ҚК 358-бабы 1-бөлімінде (түзету орнынан қашып кеткені үшін) қарастырылған қылмысты жасағаны және оған қоса 2 жыл 10 ай 28 күн өтелмеген жазасы үшін А.Золотарев пен А.Марченко Орал қаласындағы №4 тергеу изоляторына қамалды.

Осы кезге дейін 1997 жылдан бері іздестірілуде жүрген А.Золотарев Ресей аумағында қолға түссе, 2001 жылдан бері бой тасалаған А.Марченко Украинадан бір-ақ шыққан.

Соңғы жаңалықтар