Облыс пен қала әкімдігі Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруі тиіс - Мемлекет басшысы

None
РУДНЫЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысына жұмыс сапарымен барған Мемлекет басшысы қала тұрғындарымен кездесу барысында азаматтардың өміріне қауіп төндіруге болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қостанай облысы мен қала әкімдігі Рудныйдағы жағдайды жедел қалпына келтіруі тиістігін айтты.

«Құбырдың жарылғаны туралы хабарды тексеру үшін арнайы келдім. Жаңа ғана Үкіметке, облыс пен қала әкімдеріне осы мәселемен айналысуды тапсырдым», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметке Рудныйдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырғанын атап өтті.


Фото: t.me/aqorda_resmi

Соңғы жаңалықтар