Облыс мектептеріндегі компьютерлер толығымен жаңартылды - Жеңіс Қасымбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының мектептеріндегі компьютерлер толығымен жаңартылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста 504 мектеп бар, онда 203 мың оқушы оқиды. Олардың 60%-ы онлайн режимде білім алып жатыр. Сонымен қатар, 5 мың кезекші сынып құрылды, онда бастауыш сынып оқушыларының 38%-ы оқиды. Сондай-ақ, шалғайда орналасқан 228 ауылдық мектеп штаттық режимде жұмыс істеуде», - деді Ж. Қасымбек ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс басшысының мәлімдеуінше, өңірде оқулық мәселесі де толықтай шешілген.

«Бүгінгі таңда облыс мектептерінде компьютерлік парк толығымен жаңартылды. Барлық мектептерде 47,5 мыңнан астам компьютер бар. Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды интернетпен қамтамасыз ету үшін 6 мыңға жуық роутер таратылды. Одан бөлек, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 58,2 млн теңгеге 3 216 модем сатып алынып, 2 812 бала үшін 26,9 млн теңгеге теңгерім толтырылуда, - дейді ол.

Айта кетсек, бұған дейін Ж. Қасымбек жыл соңына дейін 2,5 мыңнан астам қарағандылық отбасының баспаналы болатыны туралы мәлім еткен еді.


Соңғы жаңалықтар