Облыс басшысы премьер-лигаға жолдама алған «Ақжайық» командасы құрамымен кездесті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі қарашаның 12-сінде футболдан премьер-лигаға жолдама алған «Ақжайық» командасы бапкер-ойыншыларын қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс басшысы биылғы маусымда үлкен табысқа қол жеткізген «Ақжайық» футболшыларын құттықтап, алдағы уақытта да командаға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Мәселен, құрамды күшейту үшін жаңадан үш-төрт ойыншы шақыртылатын болады. Команда мергені, биылғы маусымда 19 доп соғып, бірінші лигада үздік көрсеткішке қол жеткізген Алексей Мальцев сынды футболшылар өз шеберліктерін жетілдіре берулері тиіс. Команда капитаны Абай Аманбаев облыс басшысына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, облыс футбол қауымдастығының құрметті президенті болуға ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар