Облыс басшысы «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының орындалуы жөнінде есеп берді

None
None
sp;ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының әкімі, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір активі алдында «Нұр Отан» ХДП халықтық тұғырнамасының орындалуы жөнінде есеп берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясаты арқасында елімізде болып жатқан ірі өзгерістерге «Нұр Отан» партиясының саяси ықпалы уақыт өткен сайын күшейіп келе жатқанын атап өтіп, өңірдің биылғы он айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Бұл ретте Елбасы тапсырмаларын, «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен қазақстандықтардың игілігі үшін» атты халықтық тұғырнамасын орындау бағытында облыста нақты жұмыстар атқарылуда. Барлық сала бойынша алға басу бар екенін айтқан облыс басшысы қол жеткен табыстарды бұдан былай да баянды ету қажет екендігін атап өтті.

Жиында соғыс және еңбек ардагері Қадыр Ғайсин, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, Орал қалалық №3 емхана директоры Қашура Әжіғұлова, Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Мақсот Ермеғали, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Виктор Киянский сөз алып, өз ұсыныс-тілектерін білдірді.

«Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматуллин әлемдік дағдарысқа қарамастан, Қазақстан Президенті, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен елімізде атқарылып жатқан жұмыстардың оң нәтиже беріп отырғанын атап өтті. Бұл ретте «Нұр Отан» өзінің нағыз халықтық партия екенін танытып келеді. Осы орайда ел алдында есеп берулердің ұйымдастырылуы халықпен кеңесе отырып, өткенді талдап, алдымызды тағы бір айқындап алуға мүмкіндік береді. Дағдарыс екен деп кейбір мәселелерді жылы жауып қоюға болмайды. Әсіресе, әлеуметтік салаға айрықша назар аудару қажет. Мәселен, таяуда Елбасы тікелей желі барысында бүлдіршіндерді балабақшамен қамту мәселесін шешуді тапсырды. Сол сияқты «Жол картасы», «Жүз мектеп, жүз аурухана» және басқа бағдарламалардың орындалуы үнемі назарда болады.

Н.Нығматуллин «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыру-есепке алу қызметінде оң тәжірибе бар екенін айтып, оны ел көлемінде таратуға болатынын жеткізді. Сонымен қатар партия қатарын нығайта отырып, халықпен, үкіметтік емес ұйымдармен, өзге партиялармен байланысты одан әрі ширата түсу қажеттігін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар