Облыс басшысы «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановты қабылдады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахмановты қабылдады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны, әсіресе, мемлекет саясатын жүргізудегі рөлі туралы әңгіме болды. Бұл орайда республиканың бас газеті алдыңғы қатарда келеді. «Егемен Қазақстанның» таралымы Батыс Қазақстанда да жылма-жыл өсіп отыр.

Сауытбек Абдрахманов өңірдегі газет оқырмандарымен де жүздесіп, газеттің алдағы мақсат-міндеттері туралы әңгімелеп берді.

Соңғы жаңалықтар