Облыс, аудан әкімі: Ұлытау өңірінен Сенат депутаттығына кімдер үміткер

Фото: None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына Ұлытау облысынан өз кандидатурасын 11 адам ұсынды. Олардың арасында облыс әкімінің орынбасары, аудан әкімі, облыстық мәслихат хатшысы және депутаттары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Сенат депутаттарын сайлау туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі. Сенатқа сайлау 2022 жылғы 24 тамызға белгіленді.

Дауыс беруді өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу және Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімін айқындау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 129-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа үш облыстың әкімдеріне және Үкіметке Сенатқа депутаттар сайлауды ұйымдастыру жөнінде бірқатар шара қабылдауды, сондай-ақ материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді шешуді тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда Ұлытау облысынан Сенат депутаттығына 11 адам өз кандидатурасын ұсынды.

Олардың қатарында:

1) Медебаев Советбек Тұрсынұлы, 1965 жылы туған, Ұлытау ауданының әкімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тұрады;

2) Жақсыбеков Данияр Даукенұлы, 1988 жылы туған, Ұлытау облысы, Қаражал қаласының Жәйрем кентінде тұратын «Жәйрем КБК» АҚ ғимараттар, қонақүйлер, жатақханалар кешенінің аға әкімшісі;

3) Жанғаскинова Шолпан Серікқызы, 1981 жылы туған, «Даму» студиясының директоры, Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында тұрады;

4) Оралбай Насенұлы Молдабаев, 1966 жылы туған, Жаңаарқа ауданының ВП-21 бастығы, Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында тұрады;

5) Мырзабеков Аманжол Батырбекұлы, 1973 жылы туған, Ұлытау ауданы мәслихатының хатшысы, Ұлытау облысының Ұлытау ауданында тұрады;

6) Нұрпейісов Ғалымжан Бодықұлы, 1977 жылы туған, «Ақшам» телеарнасының директоры;

7) Оспанова Замзагүл Қажмұқановна, 1964 жылы туған, Қаражал қалалық мәслихатының хатшысы, Ұлытау облысының Қаражал қаласында тұрады;

8) Халилин Ерден Балтабайұлы,1967 жылы туған, Ә. Молдағұлова атындағы дарынды балаларға арналған Қарағанды облыстық мамандандырылған спорттық мектеп-интернатының басшысы, Ұлытау облысының Қаражал қаласында тұрады;

9) Шайдаров Серік Жаманқұлұлы, 1965 жылы туған, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында тұрады;

10) Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы, 1962 жылы туған, «Ұлы Тағзым» қоғамдық қорының атқарушы директоры, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында тұрады;

11) Қайсаров Уәлихан Әбішұлы, 1965 жылы туған, «Global Services System» ЖШС директоры, Ұлытау облысының Жезқазған қаласында тұрады.


Соңғы жаңалықтар