Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болды (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы «Архистратиг Михаил приходы» православ шіркеуінде болып, православие христиандарының Рождество мерекесімен құттықтады.

Әлемнің көптеген елінде тойланатын бұл діни мереке еліміздің барлық аумағында, соның ішінде біздің облысымызда да жыл сайын лайықты дәрежеде тойланып келеді. Шіркеуде болған облыс әкімі Сергей Кулагин жиналған жұртшылықты діни мейрамдарымен құттықтап, елімізде діни конфессиялардың ойдағыдай дамып, халықтың сенім мен наным бостандығына қол жеткізіп отырғандығын ерекше атап өтті.

Кездесуде Көкшетау және Ақмола епархиясының владыкасы Серапион сөз алып, өңір халқын атаулы мерекемен құттықтады. Ол өз кезегінде өңірдегі православие христиандарына жасалып отырған ерекше қамқорлықты тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол мейірімділік, ізгілік пен өзара достыққа шақыратын бұл мейрамның мән-маңызына тоқталды. Мереке күні шіркеуге келіп, христиан дінін ұстанушы қала тұрғындарын Рождествомен құттықтаған облыс әкіміне осы шіркеудің владыкасы Серапион ерекше ризашылығын білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Бұдан кейін облыс әкімі Сергей Кулагин шіркеудегі жексенбілік мектептің шәкірттеріне сый-сияпаттар үлестірді.

Соңғы жаңалықтар