Облыс әкімдерінің орынбасарлары «ақылды» қала технологияларымен танысты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанның барлық облыстары әкімдерінің орынбасалары еліміздегі тұңғыш «ақылды» қала - Ақкөлдегі жаңа технологиялармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.

«Қазақтелеком» АҚ, Ақмола облысының әкімдігі, «Smart Aqmola» өңірді цифрландыру кеңсесі және «Tengri Lab» компаниясы бірлесіп, қонақтарға еліміздегі тұңғыш «ақылды қала» - «Smart Aqkol» жобасы шеңберінде жүзеге асырылған игі жаңалықтарды таныстырды.

«Мұнда жүзеге асырылған цифрландыру жобасы «Smart Aqkol» деп аталады. «Ақылды» қала қауіпсіздіктен экологияға дейін 11 бағыттан тұрады. «Smart Aqkol» анықтаудан сараптамаға дейінгі бағыттар бойынша жұмыс істейді», - дейді Марат Иғалиев.

Бүгінгі таңда жоба төтенше жағдайларда жедел әрекет ететін және мониторинг жүргізетін ахуалдық орталық, талшықты-оптикалық байланыс желісі, қала бойынша Wi-Fi мүмкіндігі, жол қозғалысын бақылайтын автоматтандырылған басқару жүйесі, қоғамдық орындарды бейнебақылау жүйесі, Smart Building, коммуналдық қызметтерді кешенді есептеу жүйесі, «ақылды» жарық шамдар, ауаның ластануын анықтайтын тетіктер және қаланың интерактивті картасынан тұрады. null

«Алдымен қатысушылар «бұлттағы бейнебақылау камерасы» жобасы бойынша тұрғын үйлердің кіре берісіне бейнекамера, есептеу құралдары орнатылған тұрғын үй аулаларында болды. Мұндағы мәліметтер тікелей ахуалдық орталыққа барып түседі. Бұл Smart ТКШ желісі. Сонымен қатар, бұл үйлер (Smart-Building) ғимараттың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылғылармен жабдықталған. Бұдан бөлек қонақтарға бейнебақылау камерасы және open Wi-Fi жүйесімен жабдықталған smart-автобустар таныстырылды», - деп атап өтті М.Иғалиев.null

«Tengri Lab» ЖШС өкілдері жобаның «миы» - мәліметтерді қабылдау және талдау орталығын таныстырды.

«Бүгін жоғарыда айтылғандардан бөлек, Ақкөл қаласының барлық ашық мәліметтері біріктіріліп отыр. Жақында жедел жәрдем қызметі жұмыс істейтін «Adis» бағдарламасының мәліметтері де осы жүйеге біріктірілді. Осы арқылы жедел жәрдем қызметіне бүгінгі таңда қанша қоңырау шалынғанын анықтауға болады. Енгізілген осы технологиялар арқылы Ақкөл қаласын «smart city» тұжырымдамасына жазылатынын сеніммен айтуға болады», - деп толықтырды Ақмола облысы әкімнің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар