Облыс әкімдерін 5 жылға бір ғана мерзімге тағайындау тәртібі енгізіле ме

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерін 5 жылға бір мерзімге ғана тағайындау туралы ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін Президент мәслихаттар депутаттарының келісімімен лауазымға тағайындайды. Президент өз шешімімен әкімдерді лауазымынан босатуға құқылы. Мұндай норма «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңда бекітілген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әкімдерді лауазымға тағайындау және босату Мемлекет басшысының құзіреті саналады», - деді Премьер-Министр жауабында.


Соңғы жаңалықтар