Обама Гавайдағы жас жұбайлардан кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама Гавайға барған кезінде гольфқа арналған әскери алаңның бос болмай қалуына байланысты үйлену жоспарларын өзгертуге тура келген жұптардың алдында өзі барып кешірім сұрады, деп жазады Би-би-си.

Екеуі де әскери қызметкер болып табылатын жас жұбайлар бұл алаңда неке қию рәсімін өткізбек болған.

Обаманың айтуынша, ол әскери басшылық оларды некелесу рәсімін кейінге қалдыруға мәжбүрлегені туралы білмеген.

Бұл жұп өткен жексенбіде президенттік әкімшіліктің Обаманың рождестволық демалысын өткізу үшін жалға алған үйге жақын орналасқан гольф алаңында үйлену рәсімін жасамақшы болған.

Соңғы жаңалықтар