Обама алғаш рет Үндістанның Республика күні мерекесіне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ президенті Барак Обама алғаш рет Делидегі Республика күнін мерекелеуге қатысты. Мемлекет басшысын Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қарсы алды.

Сарапшылардың есептеуінше, американдық президенттің сапары Вашингтон мен Дели арасындағы байланыстардың айтарлықтай нығайғанын көрсетуде.

Жексенбі күні Моди мен Обама бейбіт атом саласында ынтымақтастық келісімі туралы хабарлады. Талдаушылар осыны ондаған жылдардағы баяу жүрген келіссөздерден кейінгі ілгерілеушілік деп таныды.

Делиде өткен баспасөз мәслихатынан кейін екі саясаткер тілшілерді екіжақты сауда мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қарқындату үшін жұмыс істейтіндеріне сендірді.

Соңғы жаңалықтар