ОАР-дағы құрғақшылық: Кейптаун ауыз сусыз қалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасында соңғы 100 жылдың ішіндегі аса күшті құрғақшылық болды. Кейптаун тұрғындары таяу уақытта ауыз сусыз қалуы ықтимал, деп хабарлайды Euronews.

ОАР-дың оңтүстік батысында соңғы жүз жылдықта болмаған құрғақшылықтың беті қайтар емес. Ғалымдар осындай келеңсіз жағдайдың боларын бұрыннан ескертіп келген. Бірақ оның алдын алу үшін қолданылған шаралар жеткіліксіз болды. Кейптаундағы су қоймасының деңгейі ең төменгі мөлшерге жетті. Ал сәуірдің ортасына қарай қала тұрғындары сусыз қалуы мүмкін.

 «Кейптаун билігі жұртшылықты суды үнемдеуге үндеуде»,-дейді климатолог Саймон Джир. - Олар тұрғындарды күніне 50 литрден артық су пайдаланбауға шақырды. Халықтың суға деген көзқарасын өзгерту үшін тарифті де жоғарылатты».

Келеңсіз жағдайға алаңдаған қала тұрғындары болса, жанталасып қолда бар ыдыстарын суға толтырып жатыр. 

Соңғы жаңалықтар