ОАР-да медициналық тікұшақ апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

None
None
БЕРГВИЛЛЬ. СИНЬХУА-ҚазАқпарат – ОАР-дың оңтүстік-шығысындағы Квазулу-Наталь провинциясында жедел жәрдем тікұшағының апатқа ұшырауы салдарынан кемінде бес адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік хабарлағандай, бортта ұшқыш пен төрт медицина қызметкері болған. Тікұшақ Бергвилль қаласында пациентке барар жолда құлаған. Куәгерлердің айтуынша, тікұшақ құламас бұрын жарылған.

Оқиғаның мән-жайы туралы әзірге өзге ақпарат жоқ.


Соңғы жаңалықтар