ОАР-да болған апаттан 20 бала құрбан болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасы астанасының солтүстігіндегі Претория қаласында шағын автобус пен жүк көлігінің соқтығысуынан 20 бала мерт болды, деп хабарлайды Би-би-си қызметі жергілікті жедел қызмет өклідеріне сілтеме жасап.

Шағын автобустың соқтығысқаннан кейін бір жағына құлап, жанып кеткені айтылады. Көлікте бастауыш және орта мектеп оқушылары отырған. Әлеуметтік желілерде жарияланған фотоларда көліктің толықтай жанып кеткені анық көрінеді.

Жол-көлік апаты Бронкхорстспрёйт мен Верен қалаларының арасындағы трасса бойында, Преториядан 60 км жерде болған. Апат болған аймаққа жеткен медиктер жанып кеткен көліктің ішінен 13 баланың мәйітін тапты. Балалардың тағы 7 денесі жол бойынан табылған.

«Бұл қайғылы жаңалық біздің жанымызға батып отыр»,-делінген Гаутенг провинциясының білім беру департаментінің хабарламасында.

Әзірге жол апатының себеп-салдары айтылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар