+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

OANA ақпарат агенттіктері Корей түбегінде бейбітшілік орнатуға көмектесуде – Мун Чжэ Ин

2019 жылғы 7 қараша 16:20
Бөлісіңіз:
OANA ақпарат агенттіктері Корей түбегінде бейбітшілік орнатуға көмектесуде – Мун Чжэ Ин

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин бүгін Азия-Тынық мұхит өңіріндегі басты ақпарат агенттіктерінің басшыларын қабылдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейдегі ірі жол апаты: автокөлік 12 адамды қақты Одесса колледжіндегі өрт: Владимир Зеленский 8 желтоқсанды қаралы күн деп жариялады АҚШ-та дүкен тоналғаннан кейін атыс болып, төрт адам ажал құшты

Сеулде OANA (Азия-Тынық мұхит өңірінің Жаңалық агенттіктері ұйымы) Бас Ассамблеясының 17-отырысы өтіп жатыр. Соған қатысу үшін Оңтүстік Корея астанасына барған 28 елдің 32 ақпарат агенттігінің өкілдерімен кездесуде Корея Республикасының басшысы Корей түбегіндегі бейбітшілікке тұрақты түрде көңіл бөліп, үзбей қолдап отырғаны үшін ризашылық білдірді.

Мун Чжэ Ин осы ақпарат агенттіктері 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан бері бейбітшілік процестерінен кеңінен хабар таратып келе жатқанын, Корея Республикасы мен КХДР басшылары саммитінің үш раундына да, АҚШ Президенті Дональд Трамптың Корей түбегіне жасаған сапарына, тағы басқа да іс-шараларға арналған материалдарын жариялап отырғанын атап көрсетті.

«Сіздердің назарларыңыз бен қолдауларыңыз әлемнің жаңа тарихын жазуымызға септігін тигізеді деп санаймын», - деді Президент Мун.

OANA Президенті әрі Әзербайжанның «АзерТАдж» мемлекеттік ақпарат агенттігінің бас директоры Аслан Асланов өз кезегінде ұйымның 17-отырысы журналистикадағы жаңа сын-тегеуріндерге, осы саладағы технологиялық инновацияларға арналғанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, осы мәселені ІТ саласының лидері атанған Оңтүстік Кореяда талқылаудың қисыны бар.

Асланов Корея Республикасы басшысының Корей түбегінде бейбітшілік орнатуына тілеулестік білдіріп, халықаралық бейбітшілікке қол жеткізу OANA ұйымының басты міндеттерінің бірі екендігін айтты.

Жұма күні OANA төрағалығы ресми түрде Кореяның Yonhap жаңалық агенттігіне көшетінін айта кеткен жөн. Агенттік алдағы үш жылда осы ұйымға төраға болады.

OANA Бас Ассамблеясының 17-отырысына Yonhap басшылығынан тыс, Xinhua, Kyodo, ТАСС және «ҚазАқпарат» ХАА сияқты ақпарат агенттіктерінің өкілдері де келген.

Еске салайық, Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Ин биыл 21-23 сәуір күндері стратегиялық диалогты одан әрі дамыту мақсатымен мемлекеттік сапармен Қазақстанға келген еді. Мун Чжэ Ин Нұр-Сұлтанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, Қазақстан-Оңтүстік Корея бизнес-форумына қатысқан. Форумда медицина, машина жасау, азық-түлік өнеркәсібі, инфрақұрылым, тағы басқа салаларда 30-дан астам құжатқа қол қойылды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT