+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

ОА елдері мен Корея цифрлық технологиялармен білім беруде тәжірибе алмасады

2020 жылғы 25 қараша 15:42
Бөлісіңіз:
ОА елдері мен Корея цифрлық технологиялармен білім беруде тәжірибе алмасады

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация «Орталық Азия - Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының 13-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараға Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Кан Гён Хва, Тәжікстанның - Сироджиддин Мухриддин, Түрікменстанның - Рашид Мередов, Өзбекстанның - Абдулазиз Камилов және Қырғызстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұрлан Ниязалиев қатысты.

СІМ басшылары денсаулық сақтау, қашықтан білім беру, стандарттау және қоршаған орта салаларындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Денсаулық сақтау саласында делегациялар COVID-19 пандемиясымен күрестегі тиімді өзара іс-қимыл, оның өңір экономикасы үшін теріс салдарын еңсеру және сыртқы экономикалық қызметті жандандыру мәселелеріне қатысты пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар қашықтан білім беру, оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру, мониторинг жүргізу мәселелерін қозғады. Мотивацияның мазмұны мен жүйесіне ерекше назар аударылды. Отырысқа қатысушылар цифрлық технологияларды қолдана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру тәжірибесімен алмасуға келісті.

Техникалық стандарттау саласында делегация басшылары саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ Орталық Азия елдері мен Корея Республикасының ұлттық стандарттарын талқылады.

Форумға қатысушылар жасыл экономикаға, қоршаған орта мен табиғи ресурстарға жүктемені азайту жолында терең жүйелі өзгерістер жасау қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

«Орталық Азия экономикасын жаңғырту аспектісінде Корея Республикасының экономикалық және технологиялық әлеуеті қызығушылық тудырады. Біздің елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына залалды азайту мақсатында форумның күш-жігерін сауда-экономикалық өзара іс-қимылды қалпына келтіруге бағыттау туралы шешім қабылданды. Қатысушылар көпжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық маңызды бағыттарына назар аударуға ниетті.

Сондай-ақ форум аясында онлайн-форматта Орталық Азия елдерінің Сауда-өнеркәсіп палаталары мен Корей сауда жөніндегі халықаралық қауымдастығының (KITA) қатысуымен Іскерлік кеңестің бірінші отырысы өтуде.

Жалпы, Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықты өзара құрмет пен пайда негізінде жандандыру өңірдің ортақ мүдделеріне жауап береді және орнықты дамудың маңызды факторы болады.

Форум қорытындысы бойынша Орталық Азия мен Корея Республикасы Сыртқы істер министрлерінің Бірлескен мәлімдемесі қабылданды», - делінген ҚР СІМ ақпаратында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT