О.Сүлейменов «Күлтегін» медалімен марапатталды (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің 80 жасқа толуына орай «Әлем адамы» атты форум өтіп жатыр.

Шара барысында ЕҰУ проректоры Дихан Қамзабек ақынды «Күлтегін» орденімен марапаттады.

«Бұл форум бізде өтіп жатқаннан кейін университет тарапынан да бір құрмет болуы керек деп шештік. Сонымен ғылыми кеңестің ұйғарымымен, ректорымыз Ерлан Сыдықовтың ұсынысымен Олжас Сүлейменовті университетіміздің үлкен белгісі «Күлтегін» медалімен марапаттамақпыз», - деді ол.

Форумға ҚР Сыртқы істер министрлігінің, ҚР-дың ЮНЕСКО және ИСЕСКО жөніндегі ұлттық комиссияларының, Қазақстан Жазушылар одағының, Әзербайжан мен Грузия Елшілігінің өкілдері қатысуда.
null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар