Ө.Шөкеев ұлттық компаниялардың шығындарын сынға алды

None
None
АСТАНА. 23 мамыр. ҚазАқпарат - «Самұрық-Қазына» Қорының басшысы Өмiрзақ Шөкеев еншілес компаниялардың жөнсіз шығындарын сынға алды және активтерді капиталдандыруды арттыру жөніндегі міндетке екпін бердi.

Бұл туралы Халықтық IPO бағдарламасының ресми сайтында хабарланды.

«Рентабельдігі төмен және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруды доғару керек. Барлық қызметті осы компаниялардағы активтердің құнын артыруға бағыттау қажет. Ол жұмыс екі бағытта жүргізілуі тиіс. Біріншіден - еншілес компаниялардың төңірегінде бизнесті дамытуға жағдай жасайтын, дәл осы салаларға қажетті рентабельдігі жоғары жобаларды жасау керек», - деді Өмірзақ Шөкеев Астанада сейсенбі, 21 мамырда өткен ұлттық компаниялардың тәуелсіз директорларымен кездесуінде.

Оның сөзінше, менеджмент мемлекет қаржысын үнемдеу мәселесінде принципті позиция ұстануы тиіс. Ол осы ретте тұрақты түрде резервтер қарастыратын «Қазақтелеком» АҚ-ны мысалға келтірді.

«Неге бұлай болуда? Себебі, «Қазақтелекомда» дұрыс жұмыс істейтін жеке инвесторлар, тәуелсіз директорлар бар. Біз солардың тәжірибесін алып, оны өзіміздің компанияларға енгізуіміз керек», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар