О. Песков Қазақстанның 2015 жылы ТМД-да төрағалық ету тұжырымдамасы туралы баяндады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - 21 қаңтарда Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер бойынша комиссияның бірінші отырысы өтті.

Бұл туралы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кездесуге ТМД-ның Комиссиядағы өкілетті өкілдері, сондай-ақ ТМД-ның мемлекетаралық, үкіметаралық бірқатар органдарының және Достастық мемлекеттері басқармасы органдарының қызметкерлері, сондай-ақ ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - Атқарушы хатшысы Сергей Иванов қатысты.

Отырыс барысында ҚР-ның Комиссиядағы өкілетті өкілі Олег Песков Қазақстанның 2015 жылы ТМД-да төрағалық ету тұжырымдамасын ұсынды.

Отырысқа қатысушылар 2014 жылы ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің 2014 жылы 2020 жылға дейін Инновациялық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасын және 2012-2014 жылдары бағдарламаны іске асыру бойынша шаралар кешенін іске асыруды талқылады.

Бұдан басқа, Достастық елдеріне 2015 жылы азық-түліктің маңызды түрлерін өндіру, тұтыну, кіргізу және шығару болжамы қарастырылған.

Отырысқа қатысушылар ағымдағы жылдың 13 наурызында Мәскеуде өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 65-ші отырысындағы күн тәртібін мақұлдады.

Бұл күні Ресей астанасында ТМД-на қатысушы мемлекеттердің «Интеграция - дағдарыстан шығудың жаңа мүмкіндіктері мен жолдары» атты халықаралық экономикалық форумы өтеді.

Оның жұмысына ТМД Экономикалық кеңесінің мүшелері, мемлекеттердің экономикалық даму, өнеркәсіп, сауда министрліктерінің басшылығы, билік органдарының өкілдері, сауда-өнеркәсіп палаталары, салалық бірлестіктер, банк бірлестіктері мен кәсіпкерлер қатыспақшы.

Форумның негізгі мақсаты - экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың болашағы мен тетіктерін талқылау.

Соңғы жаңалықтар