Нысаналы даму трансферттері биологиялық қауіпсіздік объектілерін салуға жұмсалуы мүмкін

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Нысаналы даму трансферттері оқушылар сарайы мен биологиялық қауіпсіздік объектілерін салуға жұмсалмақ. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында ҚР Қаржы министрінің сәйкес бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нысаналы даму трансферттері патогендігі 1, 2, 3, 4-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымы объектілерін салуға бөлінеді. Сонымен қатар, 500-600 орындық оқушылар сарайлары, 150 орындық балалар өнер мектептерін салу, реконструкциялау, кеңейту және жаңғыртуға арналған шығыстар қаржыландырылады», - делінген жаңа редакцияда.

Айта кетейік, қолданыстағы заң талабы бойынша биологиялық қауіпсіздік объектілері мен оқушылар сарайын салу үшін нысаналы даму трансферттері бөлінбейді. Жаңа өзгеріске байланысты енді трансферттер аталған бағыттағы жұмыстарға бағытталмақ.

ҚР Қаржы министрінің бұйрық жобасы 13 сәуірге дейін ашық талқылауда болады.

Қоса кетсек, былтыр Президент ұлттық қордан 2023-2025 жылдарға бөлінетін трансферт туралы заңға қол қойды.

Сонымен қоса, биыл Ұлттық қордан 2,2 трлн теңге кепілдендірілген трансферт алынады.


Соңғы жаңалықтар