Нысана көздеу: Қазақстандық мергендерге лицензия алуға жалғыз ғана мүмкіндік қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нысана көздеуден Қазақстан командасы 15-26 наурыз аралығында соңғы лицензиялық турнирде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Үндістан астанасы Нью-Делиде нысана көздеуден өтетін әлем кубогы қазақстандық мергендер үшін соңғы лицензиялық жарыс болмақ.

Аталған турнирге Ольга Довгун жаттықтыратын Қазақстан командасы да қатысады.

Бас бапкер бұл әлем кубогына Никита Чирюкин, Юлия Комендра, Елизавета Безрукова, Елизавета Король, Юрий Юрков бастаған бес шәкіртіне сенім артып отыр.

Аталған сында лицензия әлемдік рейтинг бойынша үлестіріледі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай нысана көздеуден Қазақстан қоржынында бір Олимпиаданың жолдамасы бар.

Ал жалпы Қазақстан спортшылары спорттың 15 түрінен 29 жолдама жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар