Нысана көздеу: Қазақстан командасы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Кувейтте өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, пневматикалық тапаншамен 10 метрді көздеген командалар арасында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қола медаль иеленді.

Аталған сында Қазақстан командасының намысын Никита Чирюкин, Эльдар Иманқұлов және Ярослав Махнев қорғаған болатын.

Бірінші орынды Үндістан, екінші орынды Қытай командалары иеленді.

Соңғы жаңалықтар