Нысан құны нарық бағасына сай емес: жылжымайтын мүлік салығының жүйесі қайта қаралады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазір салық салынатын жылжымайтын мүліктерді бағалау қағидасы нысанның құнын нарықтық бағаға сәйкес анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі жариялаған жаңа Салық саясатының консультативтік құжатында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша түсімдер 18 млрд теңге болды. Сонымен қатар, объектілердің 68 пайызының бағалау құны 2 млн теңгеге дейін және олар бойынша түсімдер сомасы 741 млн теңге немесе салық бойынша түсімдердің жалпы сомасының 6,73 пайызы көлемінде болды. Тек 4 пайыз объектінің мүліктің бағалау құны 10 млн теңгеден асады, ал түсімдер сомасы - шамамен 40 пайыз. Салық салу мақсатында объектілердің құнын анықтау кезінде көптеген коэффициенттер қолданылады: қабаты, орналасу, қабырға материалы, абаттандыру және жылыту түрі. Алайда, олар объектінің құнын нарыққа мүмкіндігінше жақын болатындай етіп анықтауға мүмкіндік бермейді», - деп Ұлттық экономика министрлігі жаңа Салық кодексінің консультативтік құжатында деректер келтірілген.

Бұл мәселені шешу үшін министрлік келесі шараларды ұсынып отыр:

- объектілердің есептік құны нарықтық бағаға барынша сәйкес болатындай етіп, мүлікке салық салу базасын қайта қарау;

- жер салығын кадастрлық құнға байланыстыру.

Аталған шаралар 2024 жылдың қазан айында жаңа Салық кодексін қабылдау кезінде ескеріледі.


Соңғы жаңалықтар