Нығматулин және Вьетнам Парламентінің Cпикері парламентаралық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Вьетнамға ресми сапары барысында Ұлттық Жиналыс Төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті, деп хабарлайды Төменгі Палатаның баспасөз қызметі.

Тараптар парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Бейінді комитеттер мен ынтымақтастық жөніндегі топтар мен парламенттік фракциялар арқылы тұрақты кездесулер заң шығармашылық қызметінде тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Нығматулин Вьетнам – Оңтүстік Шығыс Азиядағы маңызды әріптес екенін алға тарта келіп, Қазақстан аталған мемлекетпен жан-жақты іс-қимыл орнатуға баса назар аударатынын атап өтті.

Өз кезегінде Ұлттық Жиналыс төрағасы қазақстан-вьетнамдық қатынасты нығайтуда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін айрықша атап өтті.

Мәжіліс Спикерінің пікірінше, Еуразиялық Экономикалық Одақ пен Вьетнам арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісім әріптестікті нығайтуға серпін берді. Вьетнам – аталған келісімге қол қойған алғашқы мемлекеттің бірі. Басым бағыттар қатарында ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп, көлік, логистика, туризм салаларын атауға болады.

Нұрлан Нығматулин Мәжілістегі «Nur Otan» парламенттік фракциясының жетекшісі ретінде партияаралық диалогты ынталандыруға бас назар аударды.

Парламентаралық қарым-қатынасты сөз ектенде, Ұлттық Жиналыс Төрағасы қазақстандық Парламент өкілдерінің сапарын екі ел арасындағы ықпалдастық тарихындағы маңызды кезең деп атап өтті. Өз сөзінде:

- Мен 2017 жылы Қазақстанға барған сапарымда, сіздердің елдеріңіздің даму қарқынынан, қаланың сәулет өнерінен ұмытылмас әсер алдым,- деді Нгуен Тхи Ким Нган. Сондай-ақ, елордасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Еуразия елдері парламенттерінің 4-ші кеңесінің де табысты өткеніне назар аударды.

Кездесу иелері халықаралық ұйымдар арқылы байланысқа да баса көңіл бөлді. Жүздесу барысында екі ел азаматтарына визасыз режим, Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе байланысын қалпына келтіру мәселелері де назардан тыс қалмады.

Кездесу соңында Нұрлан Нығматулин Вьетнам Коммунистік партиясының 90 жылдық, ел тәуелсіздігінің 7 жылдық атаулы күндеріне орай Вьетанм халқына құттықтау жолдады.

Соңғы жаңалықтар