+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

2017 жылғы 23 қазан 11:41
Бөлісіңіз:
Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Елшісін қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарниковты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуына орай, қос ел әріптестігінің өзара іс-қимылы ТМД кеңістігіндегі интеграциялық дамудың маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

Н.Нығматулин екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің өзара түсіністік пен достыққа негізделген тиімді бірлескен жұмысының нәтижесінде түрлі салалар бойынша екі жақты ынтымақтастықтың жоғары нәтижелеріне қол жеткізілгенін айтты. Сонымен қоса, аймақтық жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК-де екі елдің бірлескен жұмысына ерекше назар аударылды.

Тараптар екі елдің парламентшілері арасындағы байланыстарды нығайтуға шақырды. Сонымен бірге М.Бочарников Қазақстанның халықаралық аренадағы жетістіктеріне тоқтала отырып, парламентаралық қарым-қатынасты нығайту екі жақты ынпалдастықтың маңызды құрамдас бөлігі екенін атап өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT