+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Нығматулин: Президенттің саяси жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға нақты қадам жасалды

2021 жылғы 5 мамыр 13:25
Бөлісіңіз:
Нығматулин: Президенттің саяси жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыруға нақты қадам жасалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Сайлау туралы» Конституциялық заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды Ерлан Сайыров Президенттің 2 жылдығы туралы: Қоғамдық-саяси реформаларға басымдық берілді Президент тапсырмасы: Қазақстандықтар 356,4 млрд теңге зейнетақысын баспанаға жұмсады

Заң жобасы бойынша, әкімдікке кандидаттарды саяси партиялармен де, азаматтардың өзін-өзі ұсыну тәртібімен де беру көзделеді.

Кандидаттарды тіркеу, кандидатураны алып тастау тәртібі, әкімді сайлау кезінде дауыстарды санау, осы сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау тәртібі белгіленеді.

Заң жобасымен барлық деңгейдегі сайлауда берілетін бюллетеньдерге «барлығына қарсы» баған енгізіледі. Саяси партиялар үшін Парламент Мәжілісіне өту шегі төмендетіледі. Сондай-ақ, заң жобасында аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауға қатысты нормалар қамтылған.

Осы ретте, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин:

- Заң жобасы тікелей Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әзірленді. Онда Президентіміздің саяси партияларға және сайлауда берілетін бюллетенге қатысты ұсыныстары енгізілді. Сонымен бірге, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды, қамтамасыз ететін жаңа нормалар қабылданды. Осының барлығы Мемлекет Басшысының саяси жаңғырту бастамаларын заң жағынан қолдауға арналған тағы бір нақты қадам, - деуге болады деді.

Мәжіліс Төрағасының айтуынша, ол ең алдымен, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы байланысты күшейтуге және әкімдердің тұрғындар алдындағы жауапкершілігін нығайтуға жаңа серпін беретін болады. Бұл өте маңызды мәселе. Себебі, жергілікті халықпен тікелей байланыс орнататын негізгі тұлға ол - әрине ауылдың әкімі.

Сонымен бірге, бұл заң жобасы ауыл азаматтарының саяси белсенділігін одан әрі арттыруға да зор ықпал ететіні сөзсіз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT