Нығматулин: Парламентаралық үнқатысу - Қазақстан мен Ресейдің ынтымақтастығын нығайтады

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Парламентаралық ынтымақтастықты нығайту - Қазақстан мен Ресейдің татукөршілік қатынасын тереңдетудің маңызды факторларының бірі. 

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүгін Мәскеуде өткен  Мемлекеттік Дума мен Парла­мент Мәжілісі арасындағы ынтымақтастық туралы палата­ара­лық парламенттік комиссияның 10-отырысында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі. 

Қос ел парламенттері палаталарының басшылары  Нұрлан Нығматулин мен Вячеслав Володиннің қатысуымен күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау кезінде Мәжіліс төрағасы экономикалық өзара іс-қимыл, аймақтық және шекаралас ықпалдастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды. 

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында 2017-2020 жылдарға арналған индустриялық-инвестициялық бағдарлама әзірленуде.

Мәжіліс спикерінің пікірінше, цифрландыру мәселесі айрықша назар аударарлық. Осы ретте Н. Нығматулин инновациялық технологияларды енгізу, экономиканы цифрландыру Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Осыған орай, Н. Нығматулин аталған комиссияның 10-отырысына енгізілген цифрлық экономиканы дамытуды және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруды заңдық тұрғыдан қолдау мәселесінің өзектілігіне көңіл бөлді.

Сонымен бірге, отырыс күн тәртібінде шекаралас ынтымақтастықтың перспективалары, көлік және логистика, мәдени-гуманитарлық салаларда әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.     

Соңғы жаңалықтар