Нығматулин медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде дүрлігуге жол бермеуге шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуде тіркеу кезіндегі түсініспеушіліктер қайталанбауы тиіс. Мұндай пікірді бүгін Палатаның жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді алғашқы оқылымда қарау барысындағы ең көп талқыланған мәселелердің бірі - медициналық сақтандыруды енгізуге ақпараттық жүйенің дайындығы болды.  Мәжіліс спикері жыл басында ХҚО-ларда азаматтарды тіркеудің жаңа тәртібін жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік органдардың дайын болмағанын еске салып, өткен қателіктерді қайталамау үшін алдын ала барлық қауіп-қатерлерді назарға алу қажеттігін баса айтты.  - Тіркеу барысында қандай айғай-шу, қандай дүрлігу болғанын білесіздер. Осыған байланысты, «Азаматтарға арналған үкіметке», әкімдіктерге Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, жаңа жүйеге енуге халық дайын болатындай жұмыстарды ұйымдастыруы қажет. Және бұл жұмыстарды медициналық қызметкерлерден бастау керек, олар күзге дейін медициналық мекемелерге тіркелген азаматтардың медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесімен бірге тізімін құруы тиіс, - деді Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, егер бұл ұйымдастыру процесі 2018 жылдың қаңтар айына дейін созылып кетсе, емханалар тағы да кезекке толып, халықтың наразылығы туындауы мүмкін. - Заң жобасында бәрі дұрыс. Тек оны нақты жүзеге асыру қажет. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізудетіркеу кезіндегі түсініспеушіліктер қайталанбасын», - деп атап өтті Нығматулин. 

Соңғы жаңалықтар