Нығматулин: Мәжілістің күн тәртібінде - Үкіметтің бюджеттің атқарылуы туралы есебі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар қарауына ҚР кіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері ұсынылады.

Бюро отырысында депутаттарға бірқатар заң жобасын II оқылымда қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, сондай-ақ, азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бар.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын II оқылымда қарау көзделіп отыр.


Соңғы жаңалықтар