Нығматулин: Мәжілісте мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы қаралады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттарға бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения және Қырғыз республикаларының қосылуына байланысты өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жайлы заң жобасы.

Бұдан басқа күн тәртібінің жобасында мемлекеттік сатып алу мәселелері туралы заңнамалық түзетулерді II оқылымда қарау көзделген.

Сондай-ақ, алдағы жалпы отырыста палата комитеті Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартты және ТМД қатысушы мемлекеттер қарулы күштерінің бірлескен байланыс жүйесі туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобаларын жұмысқа алмақ.


Соңғы жаңалықтар