+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Нығматулин: Мәжіліс депутаттары сақтандыру нарығы мәселелері  туралы заң жобасын жұмысқа алады

2021 жылғы 11 мамыр 12:42
Бөлісіңіз:
Нығматулин: Мәжіліс депутаттары сақтандыру нарығы мәселелері  туралы заң жобасын жұмысқа алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар қарауына бірқатар ратификациялық заң жобасы ұсынылды. Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы поляр маңындағы орбиталарға солтүстік бағытта ғарыш аппараттарын ұшыру үшін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-2» типіндегі тасымалдағыш зымырандарды ұшыруға қатысты келісімді, сондай-ақ, екі ел арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына байланысты заң жобалары бар.

Алдағы жалпы отырыста депутаттар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша түзетулерді және Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын II оқылымда қарамақ.

Сонымен қатар, Бюро отырысында депутаттар бірқатар жаңа заң жобаларын жұмысқа алуды көздейді. Олар: рейдерлікке қарсы күресті күшейту, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз араласуынан қорғау және бағалы металдардың заңсыз айналымына кедергі келтіретін шараларды күшейту мәселелеріне қатысты, сондай-ақ, сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері туралы заң жобалары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT