USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Нығматулин: Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобаларымен жұмыс жүргізуде

2021 жылғы 22 қазан 11:44
Бөлісіңіз:
Нығматулин: Мәжіліс Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы заң жобаларымен жұмыс жүргізуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
QazVaq отандық вакцинасын тіркеу процесі қай кезеңде тұр Алексей Цой Pfizer вакцинасының бағасына қатысты жағдайды түсіндірді Биологиялық қауіпсіздік туралы құжат инфекциялардың тарауының алдын алады – Мәжіліс төрағасы

Бюро отырысында депутаттар қарауына Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы және оған ілеспе заң жобалары бірінші оқылымда ұсынылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Салық кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Күн тәртібінің жобасында жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заң жобасын бірінші оқылымда ілеспе түзетулерімен қарау қарастырылған. Сондай-ақ, бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы жоспарланған.

Осы заң жобасының негізгі міндеттері - жануарларға қарау кезінде жалпы және арнайы талаптар белгілеу, жануарларды қатыгездік танытудан, азап пен қырылудан қорғау, жануарларды қатыгездікпен өлтіруге жол бермеу, қоғамның адамгершілігі мен ізгілігін нығайту, қаңғыбас жануарлардың санын реттеу саласындағы ақпараттың қауіпсіздігін, ашықтығын, азаматтардың өзге де құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар, Мәжілістің бейінді комитеттері алдағы жалпы отырыста Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заң жобасын және Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Салық кодексін жұмысқа алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT