Нығматулин Қазақстанға алғаш келген Камбоджа Парламентінің төрағасымен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет келген Камбоджа Парламентінің төрағасы Хенг Самринмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі мейман біздің елімізге «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» деп аталатын Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-кеңесіне қатысу үшін арнайы делегацияны бастап келді.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан мен Камбоджа арасында парламентаралық байланыстың жаңа кезеңі басталғанын айтты.

Хенг Самрин Қазақстан Камбоджа үшін тұрақты әрі экономикалық дамыған ел ретінде маңызды екенін алға тарта келіп, қос мемлекеттің халықаралық мәселелерде ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті.

Сондай-ақ, 4-кеңес жұмысына сәттілік тілей отырып, парламентаралық диалогты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

65 елден парламенттік өкіл, 14 халықаралық ұйым мүшелері жиналған форум Еуропа мен Азия парламенттерінің беделді пікір алаңына айналмақ.


Соңғы жаңалықтар