+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Нығматулин: ҚазАқпарат - бұл медиа кеңістіктегі кәсібилік пен көшбасшылықтың ғасырлық тарихы

2020 жылғы 13 тамыз 14:28
Бөлісіңіз:
Нығматулин: ҚазАқпарат - бұл медиа кеңістіктегі кәсібилік пен көшбасшылықтың ғасырлық тарихы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдығы - бұл медиа кеңістіктегі табыс, кәсібилік пен көшбасшылықтың ғасырлық тарихы. Агенттікті 100 жылдық мерейтойымен құттықтаған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің 100 жылдық мерейтойымен, атаулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Бұл дата үлкен еңбекті паш етеді, сапа белгісі мен табыс дәлелі саналады. Бүгінде «ҚазАқпарат» қазақстандық, сонымен қатар әлемдік ақпарат кеңістігінде жоғары беделге ие. Еліміздің ең танымал медиаресурстары бірінің ғасырлық тарихы - бұл тамаша дәстүр сабақтастығының, Қазақстан Тәуелсіздігін дамытуға өзінің үлесін қосуға ұмтылыстың жарқын үлгісі. 100 жылда атауы өзгергенімен агенттіктің басты ұстанымы өзгеріссіз қалды: патриотизм, кәсібилік және материалды шынайы беру», - деді Нұрлан Нығматулин.

Оның атап өтуінше, «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен еліміздің қол жеткізген барлық жетістіктері, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы жетістіктері әр уақытта жедел, жоғары кәсіби деңгейде жариялап отырады. Сонымен қатар ҚР Парламенті депутаттарының заңшығармашылық жұмыстарын жариялаудада үлкен үлес қосып келеді.

«Ақпарат агенттігінің өзінің даңқты тарихында шын мәнінде өз ісінің кәсіби маманына айналған тамаша әрі талантты журналистердің бір шоғырын тәрбиелеп шығарды, Сіздер өздеріңіздің материал берудегі шеберліктеріңіз, объективтіліктеріңіз және жауапкершіліктеріңіздің арқасында сансыз аудиторияның сенімі мен құрметіне ие болдыңыздар. Құрметті достар! Сіздерді Мәжілістің барлық депутаттары атынан мерейтойларыңызбен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар, мықты денсаулық, бақыт пен бақ-береке тілеймін!», - деді Нұрлан Нығматулин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT