Нығматулин: Елбасының ядролық қаруды қысқарту бастамасы қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды қысқарту бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.Бұл туралы Нұрлан Нығматулин twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ядролық қарусыз әлем үшін Назарбаев сыйлығы – беделді халықаралық сыйлықтың бірі. Ал Елбасының Нұр-Сұлтанда ядролық державалар басшыларымен ядролық қаруды қысқарту жөнінде келіссөздер үшін кездесу бастамасы халықаралық қауіпсіздіктің жаңа жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді» - деп атап өткен Мәжіліс Төрағасы.


Соңғы жаңалықтар