+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Нығматулин: бюджетті игеру тиімділігі - Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында

2021 жылғы 5 мамыр 12:55
Бөлісіңіз:
Нығматулин: бюджетті игеру тиімділігі - Мәжіліс депутаттарының тұрақты бақылауында

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңнамалық түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Жекешелендіру: Мемлекеттің экономикадағы үлесі 15 пайызға дейін қысқарды Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік бюджет кірістері бойынша есеп берді Атырауда бір түнде 6 мас жүргізуші ұсталды

Отырыс барысында депутаттар бюджетке қатысты бірқатар өзекті сұрақтарды көтерді.

Атап айтқанда, сапасы сын көтермейтін жол құрылысына, оның уақытылы аяқталуына қатысты мәселелерге ерекше мән берді.

Осы ретте Нұрлан Нығматулин: «Жасыратыны жоқ, бәріміз қар түсіп кетсе де, жол жөндеп жатқанын жиі көріп жүрміз. Кейде бір жыл өтпей қайтадан жөндеп жатқанын да көреміз. Бұл ненің көрсеткіші? Біріншіден, сапалы конкурс өткізу үшін, сапалы компания табу үшін уақыт жетіспейді. Екіншіден, барлық жұмыстар асығыс жасалады. Әрине, одан кейін ешқандай сапасы да болмайды. Ал, бюджеттен қанша ақша кетіп жатыр. Өткен айда ол туралы Президент те айтты. Қазірде 140 млрд. Тағы берейін деп отырмыз», - деді.

Сонымен қатар, Палата спикері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министріне осынша қаражат бөлгеннен кейін, нәтиже, яғни, сапалы жолдар болу керектігін айтты.

Республикалық бюджет туралы заңнамалық түзетулер бойынша қорытынды жасаған Нұрлан Нығматулин бюджет – еліміздің тұрақты дамуын, халқымыздың әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етудің кепілі екенін алға тартып, бұл құжат әрқашанда Мәжіліс қарауындағы ең маңызды, ең жауапты заң жобалардың бірі екенін айтты.

Бүгінгі бюджетте әдеттегідей әлеуметтік қолдауға, денсаулыққа, білім, еңбекпен қамту салаларына және жол құрылысы, тағы басқа да маңызды бағыттарды жүзеге асыруға қосымша қаражаттар қаралды. Осының барлығы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бастамаларын, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сессияның ашылуында берген тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал етеді. Ендігі міндет – осы бөлінген қаражатты алға қойған мақсаттарға тиімді пайдалану. Әрине, бұл сұрақтар Мәжіліс депутаттарының да бақылауында болады, - деді.

Айта кету керек, аталған заң жобасы 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамының нақтылануына байланысты әзірленіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына, Мемлекет басшысының Жолдауына және коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бағытталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT