Нығматулин: Бұл сессия Мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен сессия саяси жаңғырудың сессиясы болды. Бүгін палатаның жалпы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бүгін екінші сессия бойынша Мәжілістің соңғы жалпы отырысын өткізіп отырмыз. Бұл сессия Мәжіліс тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды деп айтуға болады. Себебі осы уақытта біздің Қазақстанымыздың Тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Осыған байланысты депутаттардың белсене қатысуымен Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл тарихи Декларациясы да қабылданды. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен ірі конституциялық реформа жүргізілді, оны сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін біздің депутаттарымыз үлкен жұмысты атқарды. Нәтижесінде, еліміздің Конституциясына,  басқа да көптеген маңызды заңдарға өзгерістер енгізілді»,-деді Нұрлан Нығматулин.

Оның сөзіне қарағанда, тағы бір үлкен өзгерістің бірі -Мәжіліс жұмысының ашық болуы.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, сессия ашылғаннан кейін жалпы отырыстар және үкімет сағаттары онлайн режімде бүкіл республикаға көрсетілді. Бұл Мәжіліс жұмысын бұрынғыдан да ашық етті. Сонымен қатар бізде өткен шараларға мемлекеттік органдармен бірге, қоғамдық ұйым мүшелері, Мәжіліске кірмеген партиялар қатысып, олармен бірге жұмыс атқардық. Осылардың барлығы жұдырықтай жұмылып, бірлесе жасалған жұмыстың нәтижесі деп айтуға болады»,-деді Н. Нығматулин.

Атап айтқанда, осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырыс өтіп, онда 226 мәселе қаралды. Аталған кезеңде палата 84 заң жобасын талқылап, мақұлдап, Сенатқа бағыттады.

«Бұл айтардықтай жақсы жұмыс көлемі.  Сонымен қатар 16 үкімет сағатты, екі парламенттік тыңдау, 25 дөңгелек үстел, Мәжіліс комитеттерінің 17 көшпелі отырысы және  4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді»,-деді Мәжіліс төрағасы.

Мұнымен қоса, ол бұл сессияда Мәжіліс депутаттары 15 заң жобасына бастамашы болып, соның 10-ы қабылданды.

Соңғы жаңалықтар