+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Нығматулин Босния және Герцеговина Президентімен кездесті

2017 жылғы 11 қыркүйек 18:53
Бөлісіңіз:
Нығматулин Босния және Герцеговина Президентімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиті барысында Босния және Герцеговина Президенттігі Президиумының Төрағасы Б. Изетбеговичпен кездесті, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Мәжіліс спикері екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 20 жыл толған және Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммиті аясында өтіп жатқан кездесудің маңыздылығына тоқтала келіп, мәртебелі мейманның бұл жолғы сапары өзара ынтымақтастықты тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

Босния және Герцеговина Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды әріптесі болып табылады.

Н. Нығматулин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап, Азия елдерімен, соның ішінде, Ислам ынтымақтастық ұйымы аясында ықпалдастықты күшейтуге ерекше назар аударып келе жатқанын айтты. 21 ғасырдағы технологиялық жаңалықтар, білім және инновациялық ғылым жарқын болашақтың кепілі. Сол үшін Қазақстан Президенті аталған саммитті өткізу туралы бастама көтергенін алға тартқан Мәжіліс төрағасы маңызды шара ИЫҰ мүше-мемлекеттердің тамырластығын тереңдетуге тың серпін беретін болады деді.

Өз кезегінде Б. Изетбегович Қазақстанның технологиялық жоғары жетістіктері қызықтыратынын және екі елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға аса мүдделі екенін жеткізді.

Тараптар халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайына да баса көңіл бөліп, заңнамалық тәжірибе алмасу жайын сөз етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT