Нығматулин Белградта Сербия Парламентінің төрағасымен кездесті

None
None
БЕЛГРАД. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербия Парламентінің басшысы Майя Гойковичпен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараптар келіссөзді 12-15 қазан аралығында Белградта өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысы аясында жүргізді.

Сербия - Қазақстанның Балқан аймағындағы маңызды саяси серіктесі екенін айтқан Нұрлан Нығматулин екі ел арасындағы қатынастар толығымен өзара түсіністік пен сенім жағдайында дамып келе жатқанына тоқталды.

Мәжіліс төрағасының пікірінше Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылы Сербияға жасаған ресми сапары, Сербия Президенті Александр Вучичтің 2018 жылы Қазақстанға жасаған сапары, еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградта Қазақстанның Елшілігін ашу туралы шешімі екі елдің ынтымақтастығын арттырды.

Ауыл шаруашылығы, құрылыс, фармацевтик және туризм саласындағы ынтымақтастық әлеуетті бағыттардың бірі болып табылады. ЕАЭО пен Сербия арасындағы құрылған еркін сауда аймағы да үлкен мүмкіндіктерге ие.

Сонымен қатар, Мәжіліс төрағасы қазақстандық және сербиялық парламентшілер арасындағы қатынастардың дамуына қолдау білдірді. Бұл реформаларды заңнамалық қамтамасыз ету, ынтымақтастық топтары мен тиісті комитеттердің белсенді өзара іс-қимылы бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Нұрлан Нығматулин Майя Гоиковичке қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда өткен Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің 4-ші кеңесіне қатысқаны үшін алғысын білдіріп, форумда айтылған бастамалар мен ұсыныстар Еуразиялық аймақ елдерінің ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар