НВО сарапшысы: Джейкобс Головкинмен жекпе-жекке шықса, қыруар пайда табады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокс көрсетілімдері кезінде өткір сын айта білуімен танымал НВО сарапшысы Гарольд Ледерман WBA нұсқасы бойынша әлемнің «қарапайым» чемпионы Дэниел Джейкобс (31-1, 28 KO) әлемге танылу, сондай-ақ бокс тарихында өз есімін қалдырып кету мүмкіндігінен айырылып отыр деп санайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Телекомментатордың айтуынша, бұның себебі қарапайым: америкалық боксшы орта салмақтағы (72,6 келіге дейін) көшбасшы Геннадий Головкинмен (34-0, 31 КО) 23 сәуірге жоспарланған жекпе-жекке шығуға аса ниет танытпай отыр. Оның орнына қазақстандық боксшы бокстың көптеген жанкүйерлерінің көңілінен шыға қоймайтын Доминик Уэйдқа (18-0, 12 КО) қарсы шығады.

«Дэнни Джейкобс қайда? Ол үздіктермен жұдырықтасқысы келетінін жай ғана айтады. Бірақ бұл ретте GGG-мен жекпе-жекке шыққысы келмейді. Егер оны қаласа, 23 сәуірде Бруклиндегі рингке шығатын еді. Бұл тамаша жекпе-жек болатын еді!», - деп жазды Ледерман.

Еске сала кетейік, Джейкобс НВО-мен бұрыннан іс жүргізбейтін бокс функционері Эл Хэймонмен келісімшарт орнатқан. Хэймонның спортшылары Premier Boxing Champions жобасының аясында түрлі тегін арналарда шығып жүр. Айта кетейік, Дэннидің соңғы болған жекпе-жегін НВО-ның аудитория үшін үнемі бәсекелесі Showtime арнасы көрсеткен.

«Міндеттемелер мен барлық саясатты қоя тұрып, ақша бар жерге бару керек. Дэнни Головкинмен жұдырықтасудан миллиондар табады, ал егер оны жеңсе, орта салмақтың нағыз чемпионы атанады. Джейкобс 23 сәуірде Barclays Center-да Геннадийді жеңсе, оның аты аңызға айналады», - деп Джейкобсқа кеңес берді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар