Нұржан Мұхамеджанова: Бейбіт жиналыстардағы журналистерде редакциялық тапсырма болуы тиіс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Алматы» телеарнасының бас директоры Нұржан Мұхамеджанова журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің бүгінгі талқымыз Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің шынайы ашықтығын айғақтай түседі. Бұл – өте уақтылы қолға алынған шара. Бейбіт жиналыстар кезіндегі журналистерге арналған қағидаттар БАҚ жұмысы үшін үлкен мүмкіндіктерді береді. Бұған дейін бейбіт жиналыстарға жолдаған журналистеріміздің кейбірі жүрексінетін. Ал қазір тәртіптің бәрі де арнайы ережелерде жазылатын болды. Өте дұрыс бағыттағы жұмыс деген ойдамын», - деді ол Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның қатысуымен өткен онлайн кездесуде.

Оның айтуынша осы ережелердің бәрі де журналистердің жұмысын жеңілдетіп, БАҚ пен билік, қоғам арасындағы өркениетті қарым-қатынасты қалыптастырады.

«Екіншіден ережелерге мынадай ұсыныс енгізілсе деймін: журналист бейбіт жиналыстарға барған кезде кейдеше пен өзге де айырым белгісімен бірге редакциялық тапсырманы да алып жүруі тиіс. Себебі әртүрлі позиция бар. Бір командада болған күннің өзінде көзқарас әртүрлі болуы мүмкін», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі парақшасында журналистердің бейбіт жиналыстарда қызмет ету қағидалары талқыланған болатын. Онлайн кездесу барысынд а БАҚ басшылары бейбіт жиналыстарға қатысатын журналистердің құқығын қорғап, жұмысын жүргізуге қатысты бірқатар ұсынысты ортаға салды.


Соңғы жаңалықтар